Бұрынғы АҚШ жауынгері Ирақта адамды өлтірді деген айыппен тұтқындалды

Бұрынғы АҚШ жауынгері наурыздың 12-сі күні Ирақ отбасына шабуыл жасап, біреуді зорлап өлтірді деген айыппен қамауға алынды. Сөйтіп 21-жастағы Стивен Грин армиядан шығарылды. Ал бұдан бұрын бір Ирақтық қызды зорлап, оны және оның үш туысын өлтірді деген айып бойынша бес жауынгерге қатысты тергеу жұмысы басталған болатын. Бұл оқиға Бағдадтың оңтүстігіндегі Махмудия ауылында орын алған екен.