Х.Қарзай Ауғанстанның қайта құрылуына ең басты демеуші болған елге келді

ТОКИО. Бүгін Ауғанстан президенті Х.Қарзай ресми сапармен Жапонияға келді. Оның барысында Х.Қарзай Ауғанстандағы бейбітшілікті нығайту тақырыбы бойынша ертең Токиода өтетін 2-нші халықаралық конференцияға қатысуға тиіс. Күншығыс елі – Ауғанстанды қалпына келтіру жұмыстарына 1 млрд доллардан астам қаржы бөлген ең басты демеуші болып табылады.