Жартылай финалда Германия мен Италия, Франция мен Португалия кездеседі

ДОРТМУНД. Бүгін футболдан Әлем біріншілігінің жартылай финалында Германия мен Италия құрамалары күш сынасады. Кездесу Дортмунд қаласының стадионында Прага уақыты бойынша кешкі 9-да басталады. Бірақ та неміс құрамасының қатарында алдыңғы ойында ескерту алған үздік жартылай қорғаушы Торстен Фрингс өнер көрсете алмайды. Ертең жартылай финалдың екінші жұбында Франция мен Португалия құрамалары алаңға шығады.