“Дискавери” кемесі ғарышқа ұшырылды

АҚШ-тың Флорида штатындағы Канаверал мүйісінен “Дискавери” кемесі ғарышқа сәтті ұшырылды. Ауа-райының бұзылуына және соңғы сәтте аңғарылған ақаулыққа байланысты “Дискавери” кемесінің ұшырылуы кейінге қалдырылған болатын. Ол ақаулық жойылып, шаттл енді халықаралық ғарыш станциясына аттанды.