БРЮСЕЛЬ. Еуроодақтың сыртқы саясат басшысы Хавьер Солананың өкілі мәлімдегендей, Солана мен Иранның ресми өкілі Әли Лариджанидің Брюссельдегі келіссөзі “жақсы қарқынмен басталды”. Бейсенбі күні болып өткен бейресми келіссөзі барысында 11-інші шілдеге белгіленген кездесудің “жақсы негізі” қаланды. Оның айтуынша, Лариджанимен келесі аптаға жоспарланған кездесуінің барысында Солана Иран оның ядролық бағдарламасына қатысты халықаралық қоғамның берген ұсыныстарына өз жауабын береді деп үміттенеді.