“Шекараны білмейтін репортерлер” ұйымы Париждегі Түркіменстан елшілігі алдында наразылық шеруін өткізді

ПАРИЖ. Баспасөз құралдарының құқын қорғайтын “Шекараны білмейтін репортерлер” ұйымы бүгін Париждегі Түркіменстан елшілігінің алдында Ашхабадта адам құқын қорғайтын 2 белсенді мен “Азаттық” Радиосы тілшісінің қамауға алынуына қарсы наразылық шеруін ұйымдастырды. “Азаттық” Радиосына берген сұхбатында аталған ұйымның жетекшісі Роберт Менард:

“Бұл шеру – бірінші қадам, одан да көп болады, францұз билігі осы іске жұмылуға дайын, біз халықаралық қоғамды қамтуды көздеп отырмыз; біз қол қусырып отырмаймыз”, - деп мәлімдеді.

Түркіменстандағы Хельсинки қорының өкілі Аннақұрбан Аманқылышев, “Азаттық” Радиосының тілшісі Огүлсапар Мурадов пен Хельсинки қорының төрайымы Тәжігүл Бегмедованың туысы - Сапардұрды Хаджиев 16-ншы және 19-ыншы маусым күндері тұтқындалған болатын.