Шығыс Тимордың жаңа премьер-министрі болып Нобель лауреаты тағайындалды

ШЫҒЫС ТИМОР. Бейбітішілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Жозе Рамуш-Орта – Шығыс Тимордың жаңа премьер-министрі болды. Шығыс Тимордың президенті Ксанана Гусмао (Xanana Gusmao) ол жайында бүгін жариялады. Бірнеше айдан бері Шығыс Тиморда халық толқуы мен жаппай тәртіпсіздік үзілмей жалғасып, ел саяси дағдарысқа ұрынды.