Сібірдегі Иркутск қаласында ұшақ апатынан кемінде 120 адам құрбан болды

Жараланған 50-ге жуық адам ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқандардың көбі Байкал көліне демалуға бара жатқан балалар екен. Ресейдің ресми орындарының айтуынша, Мәскеуден Иркутскіге аттанған Сибирь компаниясының бұл ұшағы қонуға беттеген кезінде апатқа ұшыраған.