Бүгін АҚШ Қорғаныс министрі Дональд Рамсфельдтің Тәжікстанға екі күндік сапары басталады

Бұл туралы Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің өкілі Игорь Саттаров хабарлады. Саттаровтың айтуынша, Дональд Рамсфельд Тәжікстан президенті Эмомали Рахмоновпен кездесіп, аймақтағы қауіпсіздік және екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселесін талқылайды.