Ирақтың бұрынғы президенті Саддам Хуссейнге қатысты сот процесі одан әрі жалғасуда

Бүгін Бағдадтағы сотта Хусейннің адвокаттары соңғы дәйектерін келтіре бастады. Ирақтың бұрынғы диктаторы мен тағы басқа жеті айыпталушыға 1982-ші жылы Дужаил ауылында 148 шиитті өлтірді деген айып тағылған. Егер олар айыпты деп табылса, өлім жазасына кесілуі мүмкін.