Қылмыстары қарала бастаған кешегі серб лидерлерінің ішінде экс-президент те бар

ГААГА. Кеше Гаага қаласында әскери қылмыстар бойынша Халықаралық трибунал сербтердің бұрынғы 6 саясаткері мен жоғары шенді офицерінің қылмыстық істерін қарауға кірісті. Айыпталушылардың ішінде бұрынғы серб президенті Милан Милутинович те бар. Оларға Косово өлкесінің албандарына қарсы 1998-1999-ыншы жылдардағы зұлымдықтарды жоспарлап, жүзеге асырды және 800 мыңдай албанды қоныс аударуға мәжбүр етті деген айыптар тағылуда.