Қырғызстандағы АҚШ елшілігінің екі қызметкері елден қуылды

Мұны ресми Бішкек растап отыр. Елшілік өкілдерінің айтуынша, ол екі қызметкер елдегі үкіметтік емес ұйымдар басшыларымен байланыс құрды, деп айыпталуда. Бұл қадамды АҚШ жағы ресми Бішкектің елшілікті қорқытқысы және азаматтық қоғамды тыныштандырып, үнін өшіргісі келгендігінен, деп түсіндіруде.