Экстремистердің түрмеден қашқанын Интерпол Саудия үкіметінен білген жоқ

ӘР-РИЯД. Интерпол таяуда Сауд Арабиясының түрмесінен қашқан 7 экстремисті ұстауға нұсқау берді. Интерпол басшылығы, сонымен бірге, “Әл-Қаидамен” тығыз байланысы бар экстремистердің түрмеден қашып шыққанын Саудияның үкіметінен емес, баспасөз құралдарының хабарларынан білгенін ерекше атап көрсетті.