Беларусте 30 наразылық танытушы ұсталды

Беларусь билік орындары Минскіде шеруге шыққан 30 адамды қамауға алды. Наразылық танытушылар “Сегіздік Тобы” басшыларын Ресейдің Беларусь президенті Александр Лукашенконы қолдауын тоқтату мақсатында оған қысым көрсетуге шақырды. Рұқсат етілмеген наразылық шарасы Минскідегі Ресей елшілігі жанында өтті.