Цунами апатынан қаза болғандар саны 525-ке жетті

Бүгін Индонезия ресмилері Ява аралы жағалауында болған цунами апатынан қаза болғандар саны 525 екенін және 200-дей адам әлі жоғалғандар қатарында екенін айтты. Дүйсенбі күні 7,7 балл күшінде болған теңіз асты жерсілінісі теңіз жағалауы мен бірқатар елдімекендерді шайып кеткен.