Ирақтағы рейд кезінде бес ирақтық қаза болған

Бүгін Ирақтың Бақуба қаласындағы рейд кезінде ішінде екі әйел мен бір бала бар бес бейбіт тұрғын қаза болғанын АҚШ әскерилері мойындап отыр. Американдық әскерлердің ресми өкілдері Құрама Штаттар әскерінің әл Қаидамен байланысы бар терористерді іздеу кезінде құрбан болған бейбіт азаматтардың өліміне қатысты өкініште екендіктерін жеткізген.