Бүгін Израйл мен Хизболла арасындағы қақтығысқа 10 күн болды

Израйл оңтүстік Ливан тұрғындарын бұл аймақтан тезірек тастап кетуге шақырды. Израйлдың бұл қадамдарын көптеген бақылаушылар, Израйл әскері ол жерді басып алуы мүмкін деп отыр. Ливанның қорғаныс министрі елдің армиясы қандай да бір басып алуға қарсы тұрады деген. Израйл әскерилері, елдің солтүстігіндегі БҰҰ-ның бақылау бекетіне Хизболланың зымыран шабуылы болғанын айтты. Бүгін Израйлдың солтүстігіне 20 зымыран соққысы болған. Екі адам жараланған.