Бүгін Мәскеудегі ТМД елдерінің бейресми саммитінің соңғы күні

Бүгін Мәскеуде ТМД елдері жетекшілерінің бейресми жиыны аяқталады. Кездесудің мақсаты - ұйымды реформалау мәселесіне бағытталған. Ол жөніндегі жобаны Қазақстан президенті Нұрсұлтан назарбаев дайындаған. Сонымен қатар, отырыста бұрынғы Кеңес елдеріндегі көші-қон мәселесі мен энергетикалық қауіпсіздік мәселелері талқыланған. Екі күндік ол басқосуға Достастыққа мүше 12 елдің тек сегіз мемлекетінің басшылары ғана келді. Грузия, Украина, Түркіменстан және Армения президенттері оған қатыспады.