Сирия Израиль-"Хизболла" жанжалына араласамыз деп ескертті

Сирия Израиль әскері Ливанға кіріп, Сирия шекарасына жақындаса Израиль-"Хизболла" жанжалына араласамыз деп ескертті. Мұны Испанияның "АВС" газетінде бүгін жарияланған сұхбатында Сирия ақпарат министрі Мохсин Біләл айтты. Сирия министрі "Хизболлаға" ақша бермейміз, бұл өтірік, дегенмен "Хизболлаға" моральдық қолдау көрсетеміз деді.