Ирақтағы жарылыстардан кемінде 56 адам құрбан болды

Садр қаласындағы базарда болған жарылыстан 33 адам қаза тауып, кемінде 60 кісі жараланды. Осы аймақта орын алған екінші шабуылдан 8 адам опат болды. Ал елдің солтүстігіндегі Киркук қаласында жарылған бомбадан 15 кісі мерт болды.