Кондолиза Райс аяқ астынан Ливанға келді

АҚШ сыртқы істер министрі Кондолиза Райс аяқ астынан Ливанға келіп жетті, ол Израиль-"Хизболла" қақтығысын тоқтатуға күш салып жатыр. Кондолиза Райс Израильге келе жатқан болатын, алайда ол соңғы сәтте сапар бағытын өзгерткен. Кондолиза Райс Ливан бас министрімен кездесемін, Израиль әуе соққысынан қираған кейбір аймақтарды аралаймын деді.