Ирақта тағы бірнеше адам құрбан болды

Ирақта дүйсенбі күні орын алған екі жарылыстан кемінде 6 адам қаза тауып, 20 кісі жарақат алды. Елдің солтүстігіндегі Мосул қаласында болған жарылыстан бес Ирақ жауынгері құрбан болды. Ал Самарра қаласында жанкешті жарған бомбадан өзі және тағы бір адам мерт болды.