Райс ханым Израиль және Палестина басшыларымен кездеседі

АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Израиль мен “Хизбаллаһ” арасындағы қақтығыстарды тоқтатуға бағытталған келіссөз жүргізу үшін Израильге келді. Бүгін ол Иерусалимде Израиль премьер-министрі Ехуд Олмертпен кездеседі. Журналистерге берген сұхбатында Райс ханым бейбітшілік “тұрақты ұстанымдарға” негізделуі тиіс деді. Райс, сондай-ақ, Палестина президенті Махмұд Аббаспен кесдеседі деп хабарланып отыр.