Өзбек соты АҚШ-тың Арканзас штатындағы ауылшаруашылық фермерлеріне қолдау жасайтын қорының Тәшкендегі өкілдігін жапты

Үкіметтік ақпарат өкілдері хабарлағандай, Ташкент қалалық соты сәрсенбі күні халықаралық “Winrock” қорын халықаралық заңдарды бұзып, ауылшаруашылық мәселесімен айналысудың орнына әйелдердің үкіметтік емес ұйымдарына көмектесті деп айыптаған.