БҰҰ-ың Бас хатшысы Кофи Аннан халықаралық қауымдастықты Ливан-Израил шекарасында бітімгершілік күштерін орналастыру мәселесін талқылауға шақырып отыр

Кофи Аннан бұл талқылау алдын-ала болады, өйткені әзірге Қауіпсіздік кеңесінің мандаты алынған жоқ деді. Болжам бойынша бітімгершілік контингент құрамына Ливанның оңтүстігінде бітімгершілік қызметіне қатысып жатқан елдердің жасақтары және Евродақтың бірқатар елдерінің әскерлері кіруі мүмкін.