Иран мен Венесуэла президенттері Теһранда келіссөз өткізді

Венесуэла президенті Уго Чавес Теһранда Иран президенті Махмұд Ахмадинежадпен кездесті. Иран мемлекеттік теледидарының хабарлауынша, Чавес оның елі кез келген жағдайда әрдайым Иранмен болатынын мәлімдеген. Ал Ахмадинежад мырза Чавесте “туысқандық рух” байқағанын айтқан.