Ресейден 13 әндіжандық босқын Өзбекстанға беріледі

Бүгін Ресейдің ресми газеттері елдің Бас прокуратурасы өткен жылғы Әндіжан оқиғасына қатысты деп күдіктелген 13 өзбек босқынын экстрадициялауды тапсырғанын жазды. Күнделікті шығатын “Россиская газета” ол елден шығарылуды күткен өзбектердің арасында Орта Азиядан тағы Қырғыз елінің азаматтары бар екенін айтқан.