Британиялықтар Ливандағы Израиль соғысына қарсы

Лондонда сенбі күні 20 мыңдай адам көше алаңдарға шығып, АҚШ пен Британия әкімшілігінен Израиль мен Хезболла жауынгерлері арасындағы соғыс жанжалын жедел тоқтатуды талап етті. Ал АҚШ пен Британия басшылары президент Буш пен бас министр Тони Блэр Ливандағы бұл басқыншылық соғысын тоқтатуға шақыруға асықпай отыр.