Израйль қауіпсіздік кабинеті өз отырысында Хизбулламен шайқасу үшін Израйль әскерінің Ливан жеріне одан әрі жылжуы жоспарын мақұлдады

Атап айтқанда, Израйль шекарасынан 20 километр қашықтықтағы Литани өзеніне қарай әскерді өткізу жоспары бүгін дауысқа салынған болатын. Бұл шаралар 30 күнге созылмақшы. Қазіргі кезде Ливанда 10 мыңдай Израйль әскерилері тұр.