Ливанда Израиль армиясы тағы 15 жауынгерінен айрылып, 38-і жараланды

ТЕЛЬ-АВИВ: Израиль теледидары сәрсенбі күні Ливанның оңтүстігінде болған шайқастың барысында 15 Израиль жауынгерінің қаза тапқаны расталғанын хабарлады. Бұл – 4 апта бойы жалғасқан соғыс қимылдары барысындағы Израиль армиясы жағынан болған ең көп адам шығыны. Сонымен қатар Израиль теледидары Ливанның оңтүстігіндегі сәрсенбі күнгі шайқастардың барысында 38 жауынгердің жараланғанын хабарлады.