Мәскеу Израиль мен “Хизболлаһты” ең болмағанда 3 тәуліктік бітімге келуге шақырады

НЬЮ-ЙОРК: Ресей БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне Израиль мен “Хизболлаһ” ұйымын өзара 72 сағаттық қайырымдылық бітіміне келуге шақыратын Қарардың жобасын ұсынды. Ресейдің БҰҰ-ындағы елшісі Виталий Чуркиннің айтуынша, әлемнің жетекші елдері Ливанда толық бітімге келу туралы Қарардың жобасы бойынша ортақ келісімге келе алмай отырған соң, Мәскеу осындай ұсыныс беріп отыр.