Британиялық әуе жолдарында жарылыс жасамақ болғандар 20 жастағы лондондықтар екен

Бүгін Ұлыбританияның орталық банкі кеше Құрама Штаттарға бағытталған жолаушылар ұшақтарында жарылыс жасамақшы болды деп ұсталған күдіктілердің 19-ының аты-жөнін анықтап, есеп шоттарын жапты. Олардың көбісі 20-жас шамасындағы Лондон тұрғындары болып шыққан. Бірақ, олардың ұлты қандай екені айтылмады. Британия үкіметі АҚШ-қа қатынайтын жолаушы ұшақтарын жармақ болған лаңкестік әрекеттің алдын алып, оған қатысты делінген 24 күдікті ұсталған болатын. Ол астыртын әрекетті әшкерелеуге Пәкістан үкіметі көмек берген. Қазір әлемдегі әуежайларда қауіпсіздік шаралары күшейтілді.