Бүгін Қытай дипломаты Иранға келеді

Жоғары лауазымды Қытай дипломаты Иранның ядролық бағдарламасы төңірегінде қалыптасып отырған мәселені талқылау үшін бүгін Теһранға келеді. Қытай сыртқы істер министрлігінің мәліметіне қарағанда Қытай дипломаты, сондай-ақ, халықаралық мәселелер жөнінде сөз қозғамақ. Қытай - БҰҰ Қауіпісіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің бірі. Қауіпсіздік Кеңесі Иран осы айдың соңына дейін барлық уранды байыту жұмыстарын тоқтатсын, әйтпесе оған қарсы санкциялар енгізілуі мүмкін делінген қарарды мақұлдаған болатын.