Әзірше 6 ел өз күштерін Ливанның оңтүстігіне жіберуге келіскен

Ливан үкіметінің хабарлауынша, бүгін БҰҰ-ның бітім жөніндегі келісімі өз күшіне енген соң бейбітшілікті сақтауға көмектесу мақсатында әзірше алты ел өз күштерін Ливанның оңтүстігіне жіберуге келіскен. Бұл елдер Морокко, Индонезия, Италия, Түркия, Испания және Малайзия.