Оңтүстік Ливанға мыңдаған босқындар қайта орала бастады

Бұл үдеріс Хизбулла мен Израйль арасындағы атыстардың тоқтатылған алғашқы күнінде-ақ орын алып отыр. Бейрут пен Сириядан аузы-мұрынынан шыққан көліктер көптеп оралуда. БҰҰ-ның көмек қорлары да шабуылдардан титықтаған оңтүстік Ливанға келе бастады. Олар өздерімен бірге дәрі-дәрмек, азық-түлік, ауыз су жеткізуде.