Ресейдің Бас прокуратурасы 12 өзбек және бір қырғыз азаматын Өзбекстанға депортациялауды кейінге қалдырдық деп мәлімдеген

Бұл азаматтар Өзбекстанда өткен жылғы Әндіжан оқиғасына қатысты деп күдіктеледі. Ресей Бас прокуратурасының мәлімдемесінде азаматтарды елдеріне қайтару Страсбургтағы адам хұқтары жөніндегі Европа соты олардың тағдырына байланысты шешім қабылдағанға шейін шегеріле тұратындығы айтылған.