Иранның рухани жетекшісі Аятолла Әли Хаменей Хезболланың Израил шабуылына қарсы тұра алғандығы Ислам жеңісі деп атап көрсеткен

Рухани көсемнің Хезболла басшысы Хасан Насыроллаға жолдаған хаты Хезболланың Әл-Манар телеарнасы арқылы оқылған. Хатта Хезболла жаугерлерінің күресі бұрын-соңды болмаған қасиетті соғыс делініп, оның үлкен жеңіс екендігі айтылған. Хезболла шиит мұсылмандары тарапынан қаржылық қолдауға ие болған.