Ливан әскерлері Израйльмен шекараға жайғаса бастады

Ливан кабинеті ол жерге 15 мыңдай солдатты орналастыру жөнінде сәрсенбі күні шешім қабылдаған болатын. Бұл әрекет сол үлкен жоспардың алғашқы сатысы ғана. Ал, Израйль армиясы Ливанның оңтүстігінен шыға бастағандығын айтуда. Аймаққа бақылауды олар БҰҰ бейбітшілік сақтау күштеріне тапсырдық деп отыр.