Мәскеу қалалық соты банкротқа ұшыраған ЮКОС компаниясы қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысын 24 жылға бас бостандығынан айырды

Тапсырыспен кісі өлтірді деген айып тағылған Алексей Пичугин бұған дейін де бірқатар кісі өлтіру қылмыстарын ұйымдастырды деген айыппен 20 жылдық жазасан өтеп жатқан еді. ЮКОС-тың негізгі базалары Батыс Сібірде. Пичугиннің қорғаушысы бұл қылмыстық айыптардың саяси астары бар дейді.