Ливандағы БҰҰ-ның миссиясын кеңейту үшін бірнеше ел өз әскерлерін ұсынып отыр

Ливандағы БҰҰ бітімгершілік күштерінің миссиясына қатысу үшін сегіз ел өз әскерін жібереміз деп отыр. Бұл уәделер БҰҰ-ындағы демеуші елдердің кездесуінде айтылды. Бейсенбіден бастап БҰҰ-ның 15 мың жасағы мен Ливанның да соншалықты әскері Ливанның оңтүстігіне бақылауды алып отыр.