Шешенстанның Мәскеу қолдауындағы үкіметі Доку Умаров өз еркімен берілді деген деректі жоққа шығарады

Үкіметтің өкілі Лиома Гудаев өз еркімен берілген Умаров емес, оның кіші бауыры деген жаңа ақпарат алғандығын айтады. Ал одан бұрын Гудаев Умаров Гудерместегі Шешен премьер-министрінің резиденциясында көрінген еді деп айтқан болатын.