Бүгін Иранда жаңа қорғаныс доктринасы аясында кең көлемді әскери жаттығулар басталды

Иранның мемлекеттік телеарнасы елдегі барлық әскерилер қатысатын ол шараның бес аптадай 14 провинцияда өтетінін хабарлаған. Бұл әскери жаттығулардың біріншісі елдің оңтүстік шығысындағы Систан провинциясында әуе шабуылдарымен басталды.