Хабарларға қарағанда Каспий теңізінен Түркияға жақында ашылған мұнай құбырында болған жарылыстан өрт шыққан

Ассошайтед пресс агенттігі Түркия полицейлерінің жарылыс елдің шығыс аймағы Агирде орын алды деп айтқанын хабарлаған. Жарылыстың шығу себептері белгісіз. Мұнай құбыры Әзірбайжаннан басталып, Түркияның Жейхан мұнай портына дейін созылып жатыр. Әзірбайжан, Грузия, Түркия басшылары мұнай құбырын өткен айда ашқан болатын.