Пышақталып ауруханаға түскен орыс елшісі В.Егошкиннің халі ойдағыдай

МӘСКЕУ-НАЙРОБИ: Ресейдің сыртқы істер министрлігі өзінің Кениядағы елшісі Валерий Егошкинге шабуыл жасағандарды тауып, жазаға тартуды талап етуде. Бұл қастандық ел астанасы – Найроби қаласының сыртында болды. Орыс дипломаты жолға жүгіріп шыққан сәбиді басып кетпеу үшін автокөлігін тоқтатқан сәтте, белгісіз 2 кісі оны пышақпен жаралап, құнды заттарын алып кеткен. Егошкин Найроби емханасында түсіп, Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Б.Малаховтың хабарлауынша, оның халі ойдағыдай, өміріне төнген қатер жоқ.