Черкизов базарындағы жарылыс – бәсекелес топтардың өзара қақтығысы

МӘСКЕУ: Ресей шенеунектерінің хабарлауынша, Мәскеудің киім-кешек сатылатын Черкизов базарындағы бүгінгі жарылыстан кем дегенде 10 адам, оның ішінде 2 бала қаза болып, кем дегенде 30 адам жарақат алды. Бас прокуратура өкілінің хабарлауынша, тергеушілер бұл жарылыс жергілікті бәсекелес топтардың қақтығысынан туды деген болжамды басшылыққа алады.