Тергеушілер Украинада апатқа ұшыраған Ресей ұшағынан “қара қорапшаларды” тапты

Сейсенбі күні орын алған ол апаттан ұшақтың ішінде болған 170 адамның бәрі қаза тапқан. Тергеушілердің айтуынша, табылған қорапшалар Анападан Санкт-Петербургқа қарай аттанған ТУ-154 ұшағының не себептен құлағандығын анықтауға көмектеседі.