Венесуела президенті Хьюго Чавес бүгін Пекин қаласында Қытай президенті Ху Дзинтаомен кездеспек

Хьюго Чавес Қытайда алты күн сапармен жүр. Қытайға Венесуеладан көбірек мұнай әкелу келісіміне қол қойылмақ, телекоммуникация, ауыл шаруашылығы және теміржол салаларында біріккен жобалар жайында келісімдер жасалмақ. Хьюго Чавес кешегі сөзінде Қытай капитализмді ғана дәріптейтін батыс үкіметтеріне үлгі көрсетіп отыр деп мақтау айтты.