Газа аймағында тұтқындағы екі журналист босатылды

Американың Фокс нюс теле арнасында жұмыс істейтін ол журналистер екі аптадай уақыт тұтқында болған еді. АҚШ азаматы Стив Синтани және Жаңа Зеландиялық Олаф Вигті 14-ші тамызда өздерін Қасиетті Жихад бригадасы деп атаған топ ұрлап кеткен болатын. Олар Мұсылман тұтқындарды Құрама Штаттардың босатуын талап еткен еді.