“Атлантис” ғарыш кемесі ерте дегенде сейсенбі күні ғана ұшырылуы мүмкін

ВАШИНГТОН: Американың “Атлантис” ғарыш кемесін ұшыру тағы кемінде бір тәулікке кейінге қалдырылды. Техниктер мен сарапшылар кемеге нұқсан келген-келмегендігін тексеру үстінде. Жұма күні ұшыру қондырғысына найзағай тиген болатын. НАСА ғарыш агенттігінің өкілі хабарлағандай, “Атлантис” кемесі Канаверал мүйісіндегі ғарыш алаңынан ерте дегенде сейсенбі күні ұшырылуы мүмкін.