Қауіпсіздік операциясының жүзеге асырылуына қарамастан қантөгіс толастамады

БАҒДАД: Кеше Ирақта түрлі атыс пен жарылыстан кем дегенде 40 адам құрбан болды. Қантөгістер Бағдад қаласында ауқымды қауіпсіздік операциясының жүзеге асырылуы мен Ирақтың шийт премьер-министрі Нұри Әл-Мәликидің шийттер мен сүнниттердің арасындағы жанжалды тоқтатуға шақыруына қарамастан жалғасуда. Қанды оқиға – шийттердің Халис қаласында да болды.